Menu

BEERKHAN бренді International Beer Challenge 2019 беделді халықаралық сыра байқауының алтын жүлдесін жеңіп алды.

Біз сіздермен тамаша жаңалықпен бөлісуге қуаныштымыз – біздің BEERKHAN брендіміз International Beer Challenge 2019 беделді халықаралық сыра байқауының алтын медалін жеңіп алды. International Beer Challenge – бұл Ұлыбританияда 23 жыл қатарынан өтетін халықаралық конкурс және де тарланған/өлшеп салынған сыраның әлемдегі ең ірі кәсіби дәм байқауы болып табылады.

Құрамына атақты дәм татушылар мен сыра қайнату саласындағы халықаралық сарапшылар кіретін байқаудың Сараптамалық қазылар алқасы жіберілген өнім үлгілерінің дәмін сынайды және олардың үздіктеріне арнайы жүлделер мен медальдар береді. Биылғы жылы байқауға әлемнің 38 елінен сыра қайнатушылар қатысты, ал барлығы 900-ден астам үлгі алынды. Төрешілер жіберілген сыра үлгілеріне 282 қола, 196 күміс және 64 алтын медаль берді.

Биылғы жылы «Лагеры» номинациясы бойынша байқаудың алтын медалін біздің BEERKHAN сырамыз жеңіп алды. Біздің портфелімізді 2018 жылдың күзінде толықтырған бұл мықты ерлерге арналған күшті сыра қазақстандық тұтынушыларымыздың да құрметіне ие болды. Жоғары күштілігі мен тығыздығына қарамастан сыраның қайталанбас жұмсақ дәмі бар.

Игорь Повиденко, Carlsberg Kazakhstan бас сыра қайнатушы: «Біздің BEERKHAN брендіміз Қазақстан нарығындағы ең мықты сыра. 10% – дан кем емес күштілікке жету үшін, біздің сыра қайнатушыларымыз қайнату кезінде ашытқылар уыт мөлшерін барынша ұлғайтты, сондай-ақ ашыту кезінде Балтика зертханасында шығарылған ашытқының арнайы штаммдарын қолданады. International Beer Challenge алтын медалі – біз үшін үлкен мақтаныш. Өйткені бұл өндірушілер үшін де, тұтынушы үшін де әлемге танылған сапа белгісі!»

Жеңіп алған марапат Carlsberg Kazakhstan командасының халықаралық деңгейде лайықты бәсекелесе алатын сыраның сұрыптарын жасай алатынын жоғары кәсіби деңгейін тағы да атап өтеді. Барлық әріптестерімізді құттықтаймыз, бұл марапат компанияның барлық бөлімшелерінің ортақ еңбегі болып табылады!

байланыстар

Байланысу үшін

корпоративтік қатынастар бойынша көшбасшы, ТОО "Carlsberg Kazakhstan" ("Карлсберг Казахстан" ЖШС)

Мария Горохова

Tel +7 (727) 321 01 00 (ішкі 289), моб. +7 777 551 0 289 Email [email protected]