Menu

Carlsberg Kazakhstan компаниясы Алакөл ауданы әкімдігінің қолдауымен «Окуньколь» балық аулаушылар-туристік фестивалінің қатысушыларымен бірге «Мөлдір су» экологиялық акциясын өткізді.

Алакөл көркем көлінде жыл сайын өткізілетін «Окуньколь» балық аулаушылар-туристік фестивалінің аясында 2017 жылғы 10 қыркүйекте көл жағалауын тазарту бойынша «Мөлдір Су» ауқымды акциясы ұйымдастырылды. Акцияға Сarlsberg Kazakhstan компаниясы бастамашы болды, оған фестивальді ұйымдастырушылар мен қатысушылары, Алакөл ауданының әкімдігі қызу қолдау көрсетті. Бұл 2017 жылғы акциялардың соңғы кезеңі болмақ.

 Осыменен жетінші рет «Окуньколь» шарасына Алакөл көлінің теңдессіз сұлулығын бағалаушылар жиналуда. Оңтүстік-шығыс Қазақстанның бұл інжу-маржаны жылдан жылға көптеген туристерді қызықтырып келеді, алайда адамдардың артынан тамаққа пайдаланған орамдар, пакеттер, бөтелкелер мен басқа да қалдықтар түріндегі іздер үнемі қалып отырады. «Мөлдір Су» экологиялық акциясының мақсаты – Қазақстан суларының экожүйесін сақтап қалу, сондай-ақ қалдықтарды бөлшектеп жинау мен қайта өңдеу мәдениетін дамыту. Акция қатысушылары елдің әртүрлі өңірлерінде түрлі суқойма (өзен, көл, суқойма) жағалауларына жақын орналасқан аумақтарды жинастырады. Алакөлді жинастыруға 80 адам қатысты, оның ішінде барлығы бірігіп, 1,5 тонна қоқыс жинаған еріктілер мен «Окуньколь» фестивалінің қатысушылары болды.

Надежда Овсянникова, Carlsberg Group Қазақстан және Әзербайжандағы корпаративтік қатынастар қызметінің басқарушысы: «Алакөл көлі – шынымен де керемет жер, және оның көптеген туристерді қызықтыратыны да таңқаларлық емес. Біздің акциямыздың мақсаты – көлдің және Қазақстандағы басқа да суқоймаларының табиғи көркін сақтау. Осы жобаны елдің түрлі өңірлерінде өткізуге қолдау көрсетіп отырған жергілікті билік пен экологиялық мекемелерге біздің алғысымыз шексіз, және «Мөлдір Су» жақсы дәстүрге айналады деп сенеміз. Бұған қоса, мен Қазақстанның барлық азаматтарын табиғатқа ықтият қарауға, болашақ ұрпақ үшін оның бірегей байлықтарын сақтауға шақырар едім, себебі бұл әрбіріміздің жауапкершілігіміз болып табылады». 

Естеріңізге салсақ, «Мөлдір Су» жобасы 2016 жылы бастау алды, ол кезде акцияға Сarlsberg Kazakhstan компаниясының қызметкерлері, серіктестер мен ерікті ұйымдарды қосқанда 265 адам қатысты, олардың күшімен Қазақстанның 7 суқоймасы жағалауында шамамен 30 тоннадай қоқыс жиналды. Жобаның екінші кезеңі 2017 жылдың 14 шілдесінде Халықаралық Әуежай маңындағы көлді жинаумен басталды, және мұнда акцияға жаңашылдық енгізілді – қатысушылар жинау орындарында қоқысты іріктеді және жиналған қалдықтардың бір бөлігі мамандандырылған ұйымдарға қайта өңдеу үшін тапсырылды. Сонымен қатар, іс-шара барысында жиналған пластиктен мердігер ұйым – Zeta компаниясы қоқыс жинауға арналған контейнерлер жасамақ, олар алдағы уақытта жинау аумақтарында орнатуға берілетін болады. Осындай механизм заманауи шешімдердің арқасында, пластик бөтелкелердің қалдықтарынан кез-келген өнім өндіруге арналған керемет шикізат алуға болатынын көрнекті түрде көрсетеді. 2017 жылы акция Балқаш көлінде де өткізілді – онда Сarlsberg Kazakhstan компаниясының қызметкерлері мен еріктілерді қосқанда 100-ден астам адам қатысты, олардың күшімен Атырау қаласында да 10 тоннадай қоқыс жиналды.

«Мөлдір Су» бастамасы Carlsberg Group - Together Towards ZERO тұрақты дамуының ғаламдық стратегиясының қисынды құрамдасына айналды. Оның  төрт өзекті міндеттерінің бірі сыра қайнататын өндірістерде су тұтынуды қысқарту және су қорларын басқаруды жақсарту болып табылады. Ғаламдық стратегиясында НӨЛ су жоғалту деп аталатын мақсаты келесі факторларды басшылыққа алады:

  • Бүгінгі күнде әлемде су орынсыз шығындалатын орындар тым көп және су жетіспеушілігі маңызды мәселе болып бара жатыр. Бүкіләлемдік жабайы табиғат қорымен жұмыс істей отырып, Carlsberg Group су жетіспеушілігінің жоғары қаупі бар аумақтарда сыра қайнататын орындарын белгіледі және НӨЛ су жоғалту стратегиялық ұзақ мерзімді мақсатына жетуді қолдау ретінде мақсаттық көрсеткіштерді жасады.
  • 2030 жылға сыра қайнату орындарында су тұтынуды екі есе қысқарту және серіктестермен ынтымақтастықты дамыту су қорларын басқаруды жақсартуға мүмкіндік береді.