Menu

CARLSBERG KAZAKHSTAN КОМПАНИЯСЫ АЛЮМИНИЙ БАНКІГЕ ҚҰЮДЫҢ ЖАҢА ЖЕЛІСІН ІСКЕ ҚОСЫП, ӨЗ ҚУАТЫН АРТТЫРДЫ

2019 жылдың қазан айында Carlsberg Kazakhstan компаниясы алюминий банкіге құюдың жаңа желісін өнеркәсіптік іске қосуды жүзеге асырды. Оған қос, алдағы айларда Алматы қаласындағы Carlsberg Kazakhstan зауытында сыраны ашыту үшін қосымша 4 цилиндрлі-конустық танктер (ЦКТ) орнатылатын болады. Жаңғырту нәтижесінде зауыттың өндірістік қуаты 17% - ға өседі, жаңа жұмыс орындары құрылады. Аталған жобаға инвестиция сомасы 2 млрд. теңгені құрады.

Алғаш рет сыраны алюминий банкаларға құю 1958 жылы басталды. Бүгінгі таңда бұл әдіс әлемнің түрлі елдерінің тұтынушылары арасында  күннен күнге үлкен танымалдыққа ие болып келе жатыр. Қазақстандық тұтынушылардың көпшілігі Қазақстанда соңғы алты жыл бойы өсіп келе жатқан қаптаманың банкалы форматын ұнатады. Егер 2016 жылы банкадағы  сыра отандық нарықта шөлмектегі сырадан  үштен бір бөлікке  аз ұсынылған болса, 2017 жылы сегменттердің үлесі теңдестірілді деуге болады. Бүгінгі таңда банка Қазақстан нарығында өлшеп оралған сыраның 50%-ын алып жатыр1.

Carlsberg Kazakhstan компаниясының маркетинг жөніндегі директоры Кульжамиля Курмангалиева: "Біз Carlsberg Kazakhstan-да тұтынушыларымыздың ыңғайлылығы үшін банк позицияларына брендтерді көбірек ауыстыра отырып, тұтынушылық талғамның өзгеруінің трендтерін қатаң қадағалаймыз. 2019 жылы іске асырылған жобасының арқасында Carlsberg Kazakhstan өз қуатын арттырды, сыра нарығының өсіп келе жатқан сегментінде қосымша бәсекелестік басымдыққа ие болды және брендтер бойынша импортты қысқартып, одан да көбірек отандық өнім шығара бастады".

Carlsberg Kazakhstan Президенті, Виктор Семак атап өткендей: "Біздің қуаттылықтарды кеңейту жөніндегі жобамыздың артықшылығы – біздің 4 НӨЛ: КЕЛЕШЕК ҮШІН БІРГЕ атты корпоративтік тұрақты даму стратегиямыздың табыстылығы үшін алға қойылған экологиялық мақсаттарымызды іске асыруда көмек көрсетеді. Бүгінгі таңда алюминий банка-өнеркәсіпте кеңінен қолданылатын орау түрлерінің ең таза экологиясының бірі. Сарапшылардың пікірінше, шыны ыдысты қайта өңдеумен салыстырғанда алюминий қалдықтарының рециклингі экономикалық жағынан әлдеқайда тиімді деп саналады.

Алюминий банка бүгінгі күні әлемдегі ең рециклденген / өңделетін қаптама болып саналады. Оның артықшылығы- шексіз рет қайта өңдеуден өткізіліп,  бұл одан қайта шығарылған банкалардың (және басқа заттардың) сапасына әсер етпейтіндігі.

______________________

1 Carlsberg Kazakhstan мамандарының сараптамалық бағасына сәйкес

байланыстар

Байланысу үшін

корпоративтік қатынастар бойынша көшбасшы, ТОО "Carlsberg Kazakhstan" ("Карлсберг Казахстан" ЖШС)

Мария Горохова

Tel +7 (727) 321 01 00 (ішкі 289), моб. +7 777 551 0 289 Email [email protected]