Menu

Carlsberg Kazakhstan компаниясы кегтерге құюдың жаңа желісін шығарып, өз қуатын үлкейтті

2018 жылдың маусымында Carlsberg Kazakhstan компаниясы кегке құюдың жаңа желісін іске қосты. Жүргізілген жаңғырту нәтижесінде зауыттың өндірістік қуаты 20%-ға артады, жаңа жұмыс орындары құрылды. Бұл жобаға қарастырылған инвестиция көлемі 340 млн. теңгеден астам соманы құрады.

2018 жылдың маусымында Carlsberg Kazakhstan компаниясы кегке құюдың жаңа желісін іске қосты. Жүргізілген жаңғырту нәтижесінде зауыттың өндірістік қуаты 20%-ға артады, жаңа жұмыс орындары құрылды. Бұл жобаға қарастырылған инвестиция көлемі 340 млн. теңгеден астам соманы құрады.

 

2018 жылы Carlsberg Kazakhstan компаниясы қазақстандық сыра нарығында өз тұғырын нығайтуын жалғастырды. Бүгінде құйылмалы сыра сегменті сату көлемін ұлғайту тұрғысынан келешегі бар, себебі Қазақстанда соңғы бірнеше жылдар бойы тұрақты өсімді көрсетіп келеді. Осылайша, 2017 жылдың соңына қарай оның үлесі сыра нарығының шамамен 35% құрады. [1] Сондықтан компания осы сегментте өз позициясын күшейту үшін кегтерге құюдың жаңа желісіне инвестициялауға шешім қабылдады.

Carlsberg Kazakhstan-ның алға қойған бизнес-мақсаттарына табысты қол жеткізуіне негізінде тұрақты даму құндылықтары жатқан стратегия көмектеседі. 2017 жылы жаһандық деңгейде Carlsberg Group климаттың өзгеруі, су ресурстары жетіспеуі және адам денсаулығына байланысты мәселелер сияқты қазіргі заманның жаһандық сын-қатерлеріне жауап ретінде «Мақсат 4 НӨЛ: болашақ үшін бірге» деген жаңа ауқымды бағдарламасын іске асыруға кірісті. Бағдарламаға төрт стратегиялық ұзақ мерзімді мақсаттар кіреді: көміртек ізі - НӨЛ, су шығыны - НӨЛ, жауапсыз тұтыну НӨЛ және жазатайым жағдайлар - НӨЛ.

Бүгінде Carlsberg Kazakhstan ресурс үнемдеу бөлігінде өз салаларында ең озық қазақстандық кәсіпорындардың бірі болып табылады. Өндіріске енгізілген инновациялық технологиялық шешімдердің арқасында, 2012 жылдан бастап соңғы 5 жыл ішінде, компанияға меншікті су тұтынуын өз өндірісінде 51%-ға, жылу энергиясын – 55,8%, электр энергиясын – 43% азайтуға қол жеткізілді.

Виктор Семак, Carlsberg Kazakhstan президенті атап өткендей: «Жаңа құю желісі де, және біздің энергия үнемдейтін жобалар да – бұл бір тізбектің буындары. Бұл - қоғамға, әлеуметтік жобаларға біз тапқан қаржыны бөлумен біздің компанияға одан да табыстырақ және одан да тиімдірек болуға мүмкіндік беретін дүниелер. 2018 жыл біздің компания үшін мерейтойлы болып отыр. 20 жылдан бері біз Қазақстанда сыраны ең үздік бүгініміз бен ертеңіміз үшін қайнатамыз. Біз тұрақты даму құндылықтарымен өзара тығыз байланыста болып, жергілікті қоғамдастық үшін маңызды әлеуметтік жобаларға бастамашылық етіп және қолдау көрсетіп, Қазақстандағы өз бизнесімізді әрі қарай дамытуды жалғастырамыз».

[1] Сarlsberg Kazakhstan компаниясы мен Қазақстан сыра қайнатушылары одағының жиынтық мәліметтері

байланыстар

Байланысу үшін

корпоративтік қатынастар бойынша көшбасшы, ТОО "Carlsberg Kazakhstan" ("Карлсберг Казахстан" ЖШС)

Мария Горохова

Tel +7 (727) 321 01 00 (ішкі 289), моб. +7 777 551 0 289 Email [email protected]