Menu

Zatecky Gus брендісімен чех асханасының дәстүрінде гастрономиялық кешкі ас өтті

Көпшілік үшін өткен жаздың аптап ыстығы «Сыра ішу» дәстүрімен есте қалды. Сыраның шөлді басатыны, салқындататыны және сергітетіні бекер емес. Ал сіз білесіз бе, сыра тек сусын ретінде ғана пайдаланылмайды?

Біз ұнататын көбікті сусын – түрлі тамақ дайындауларда таптырмайтын ингредиент. Сыраның кулинарлық салада қолданылуын көрнекі түрде көрсету үшін, Carlsberg Kazakhstan компаниясы жазғы кештердің бірінде танымал блогерлер мен БАҚ өкілдерін кулинарлық мастер-класқа шақырды. Қатысушылардың өздері атап өткендей, көбікті сусын әрдайым олар үшін жаңа қырынан көрінеді. Осы жолы да танымал блогер және шеф-аспаздың рөлін қоса атқарушы Максим Гринкевичтің сауатты басшылығымен алкогольдық сыра қой еті мен тауық аяқтарынан ас әзірлеуде пайдаланылды. Ас әзірлеу құпиясы қарапайым ғана – нақты бір сәтте еттің үстіне сыра құю және сырамен маринадтау. Гастрономиялық кеш чех асханасының және  Zatecky Gus брендісінің эгидасымен өтті.

Сыраның кулинарлық шедеврлер құрамында қолданылуы көптеген сыраны ұнататын жандардың керемет дәстүріне айналады деп сенеміз.

байланыстар

Байланысу үшін

корпоративтік қатынастар бойынша көшбасшы, ТОО "Carlsberg Kazakhstan" ("Карлсберг Казахстан" ЖШС)

Мария Горохова

Tel +7 (727) 321 01 00 (ішкі 289), моб. +7 777 551 0 289 Email [email protected]