Menu

Portrait Now! 2019: баршаға арналған өнер

Carlsberg Kazakhstan компаниясы Portrait Now 2019 портреттер байқауының басталғаны туралы хабарлайды! Portrait Now! - байқау портреттік жанрды жақсы көретіндерге, заманауи трендтерді сезінетін және портретке соны көзбен қарайтын жандарға арналады. Бүгінгі таңда портрет салушылардың барлығын - суретшілерді, фотосуретшілерді, мүсіншілерді, операторларды - байқауға қатысуға шақырамыз. Қандай материалдармен жұмыс істейтініңіз маңызды емес. Ең бастысы - Сіздің бірегей тамаша сезіміңіз бен өнерге деген махаббатыңыз.

2018 жылдың  31 желтоқсанына дейін өзіңіздің қолыңыздан шыққан сурет, мүсін, инсталляция, фото, бейнеңізді немесе аудиоңызды www.portraitnow2019.com сайтына ұсыныңыз. Осы жерден конкурс жайлы қосымша ақпарат  таба аласыз.

 Қазақстандық дарынды суретшілерге қолдау көрсету мақсатында, Carlsberg Kazakhstan компаниясы Portrait Now! 2019  конкурсының аясында өзінің жеке From Waste to Art экономинациясын құруға шешім қабылдады.

Номинацияға экологиялық жауапкершілік және адамның қоршаған ортаға теріс әсерін азайту тақырыбындағы қазақстандық суретшілердің жұмыстары қатыса алады - бұл сюжетте немесе жұмыс жасалған материалдарда (кәдеге жаратуға жататын материалдарды қайталап пайдаланумен, экоматериалдарды қолданумен, тағы басқалар арқылы) көрсетілуі мүмкін.

Экономинация қазылар алқасының құрамында өнер саласындағы қазақстандық танымал сарапшылар болады. Номинацияның жеңімпазына байқаудың үздік жұмыстарының Львиварнадағы көрмесіне қатысу және көрменің ашылуына Львов қаласына сапар шегу түріндегі сыйлық табысталады.

Portrait Now! – Сізге арналған байқау. Бұл Сіздің жүрегіңізді жиі лүпілдеуге мәжбүр еткен бейнелерді әлемге көрсету мүмкіндігі.

Сіз арқылы өнер сөйлесін, алға!

 

 

байланыстар

Байланысу үшін

корпоративтік қатынастар бойынша көшбасшы, ТОО "Carlsberg Kazakhstan" ("Карлсберг Казахстан" ЖШС)

Мария Горохова

Tel +7 (727) 321 01 00 (ішкі 289), моб. +7 777 551 0 289 Email [email protected]