НӨЛ көміртек ізі
Біз 2030 жылға дейін сыра қайнататын зауыттарымыздағы көміртек шығарылымын барынша азайтып, 2022 жылға қарай жаңартылатын көздерден 100% энергия пайдаланатын боламыз. Carlsberg Circular Community Қауымдастығы аясында біз 2030 жылға қарай дайын өнімнің көміртек ізін 30% -ға қысқарту үшін құнды өсіру тізбегі бойынша серіктестермен жұмыс жасап келеміз.
НӨЛ су шығыны
Біз сыра қайнату үдерісі барысында су шығынын азайту арқылы 2030 жылға қарай сыра қайнататын зауыттарымыздағы суды тұтынуды екі есе қысқартамыз. Су жетіспеушілік тәуекелі жоғары өңірлерде Carlsberg Group біздің сыра қайнататын зауыттарымыздың қабырғаларынан тысқары су ресурстарын басқару тиімділігін арттыру үшін серіктестермен ынтымақтастығын жалғастыратын болады.
НӨЛ жауапсыз тұтыну
Тұтынушылар үшін таңдауды кеңейту үшін, біз 2020 жылға қарай ішімдіксіз сыраның 100% дистрибуциясын қамтамасыз етеміз. Сонымен қатар біз өніміміздің қаптамасындағы және онлайн тағам құндылығы, құрамдас бөліктер туралы ақпарат пен жауапты тұтыну туралы хабарламалардың болуын қамтамасыз етеміз және жауапты тұтынуды ынталандыру үшін серіктестікті дамытатын боламыз.
НӨЛ жазатайым оқиға
Біз 2030 жылға қарай «Еңбек қабілеттілігін уақытша жоғалтумен нөл жазатайым оқиғалар» мақсатына жету үшін жыл сайын жазатайым оқиғалар коэффицентін қысқартуға талпынатын боламыз.