www.carlsbergkazakhstan.kz («Сайт») Қазақстанда тіркелген, Алматы, Қазыбаев к., 270 «В», («Carlsberg Kazakhstan», «біз» немесе «бізді/бізбен») заңнамалық мекенжайы бойынша орналасқан «Carlsberg Kazakhstan Ltd» (Карлсберг Казахстан Лтд.) компаниясының иелігінде. Егер сізде Сайтқа қатысты мәселе туындаса немесе ұсыныс енгізгіңіз келсе, бізбен байланысуыңызды өтінеміз.
Пайдаланушы берген кез-келген жеке ақпарат «Carlsberg» құпиялық саясатына сәйкес қаралады және қорғалады.
Осы құқықтық хабарлама Қазақстанның заңдарымен реттеледі, сонымен бірге осы хабарламадан туындаған немесе онымен байланысты кез-келген дау-дамай, бейбіт келісіммен шешілмесе, тек Қазақстанның соттарында ғана қаралады.
Осы Сайт «осы қалпында» және «қолжетімділігінде» шарттарында ұсынылады. «Carlsberg Kazakhstan» осы Сайт үзіліссіз режимде, істен шығусыз немесе қатесіз жұмыс істейтіндігіне кепілдік бере алмайды. «Carlsberg Kazakhstan» Сайттың нақты мазмұнын қамтамасыз етуге мейлінше күш салады, бірақ қандайда бір контенттің аяқталатындығы және жаңартылатындығы жөнінде ешқандай мәлімдеме жасамайды және кепілдік бермейді. Контент өзіне сүйенетіндей ұсыныс жасауға арналмаған.
Неғұрылым жоғары дәрежеде заңмен рұқсат етілген: «Carlsberg Kazakhstan» анық, білдіретін немесе заңмен белгіленген, оның ішінде шектеусіз, сапа кепілдігін білдіретін, тағайындалуы бойынша пайдалануға жарамдылығын немесе авторлық құқықты бұзбау сияқты кез-келген шарттарды, кепілдерді немесе жағдайды кесімді түрде жоққа шығарады; сонымен бірге «Carlsberg Kazakhstan» осы Сайттағы қандайда бір контентке қолжетімділікке, пайдалануға байланысты немесе сенгендіктен туындаған тікелей немесе жанама шығындар немесе зияндар үшін ешқандай жауап бермейді.
Осы Сайтқа қатысты біз алған кез-келген пікірлер «Carlsberg Kazakhstan» компаниясының меншігі болып саналады және құпия ақпарат ретінде қарастырылмайды.
Белгілі бір уақыттарда біз Сайттың кейбір функцияларына немесе бөлімдеріне немесе тұтас Сайтқа қолжетімділікті шектей аламыз.
Осы Сайттағы ақпараттар жарнама болып саналмайды, ол «Carlsberg Kazakhstan» компаниясы туралы ақпаратты білдіреді және пайдаланушының жеке сұратуы бойынша беріледі.
Сайтқа қол жеткізгеннен кейін сіз жоғарыдағы шарттарды қабылдайсыз және оны сақтауға келісесіз.
Егер басқадай көрсетілмеген болса, осы Сайттағы барлық тауар белгілері мен материалдар, оның ішінде дизайн, мәтіндер, графикалар және фотографиялар «Carlsberg Kazakhstanтың» немесе бөгде лицензиарлардың меншігі және авторлық құқықтары болып табылады.
Біздің сайттан алынатын үзінділер немесе материалдар тек коммерциялық емес мақсатта, жеке пайдалану үшін жүктелуі, басып шығарылуы және көшірілуі керек. Кез-келген көшірілген материалда авторлық құқық немесе меншіктің басқа құқықтары туралы хабарламалар болуы тиіс. Біздің алдын ала жазбаша рұқсатымызсыз сайттың материалдарын басқа ешқалай пайдалануға жол берілмейді.
Егер басқадай көрсетілмесе, бұл Сайтта басқа сайттарға сілтеме жасалуы мүмкін, «Carlsberg Kazakhstan» мұндай сайттарды бақыламайды немесе қандайда бір жағдаймен қолдамайды. «Carlsberg Kazakhstan» бөгде сайттармен байланысты туындаған қандайда бір контент немесе мәселелер үшін жауап бермейді.
«Carlsberg Kazakhstan» осы сайтқа кірушілердің әрқайсының деректерінің құпиялығына құрметпен қарайды. Осы құпиялық саясатында біздің сізден жинайтын немесе сіз ұсынған жеке деректер қандай негізде өңделетіндігі көрсетіледі. Біздің саясатпен нақтылы танысу үшін бірер минут уақытыңызды бөлуіңізді сұраймыз. Сізге көмек ретінде осы қысқаша сипаттаманы ұсынамыз.
Біз кірушілер тек өз еріктерімен ұсынған аты-жөні, мекенжайы, электронды почтаның мекенжайы, әуестігі немесе қызметі туралы ақпараттарды, демографиялық ақпаратты (жасы, жынысы және т.б.) сияқты жеке деректерді жинаймыз. Бұл ақпараттарды беру арқылы сіз өз ақпараттарыңызды осы құжатта көрсетілген мақсаттар үшін немесе алу кезінде пайдалануға(ашуға) келісім бересіз.
Кірушілер дербес деректерін конкурстарға қатысу үшін, ақпарат алу немесе пікір жазу мен хабар жолдау үшін жібере алады. Біз біздің сайтты тек спирттік ішімдікті ішуге ресми рұқсат етілген жастағы ересектердің қарайтындығына және байланыс жасап отырғанына көз жеткізу үшін жас туралы ақпарат сұратамыз.
Біз сондай-ақ сіздің Сайтқа кіруіңіз туралы, оның ішінде, еш шектеусіз, трафик туралы деректер, орналасқан орны туралы деректер және сіз қараған ресурстар туралы нақтылы ақпараттарды жинаймыз.
Мы также можем собирать подробную информацию о ваших посещениях Сайта, включая, без ограничений, данные о трафике, данные о местоположении и ресурсы, к которым вы обращаетесь.
Біз сәйкестендіруші дербес деректерді жинаймыз:
Сізден алынатын деректерді біздің компанияда, біздің бірлескен компанияларымыздың бірінде немесе бізге қызмет көрсетуші жабдықтаушыларымыздың немесе әріптестеріміздің бірінде жұмыс істейтін қызметкерлеріміз өңдеуден өткізеді. Бұл қызметкерлер, бәрінен бұрын, біздің сіздің алдыңыздағы міндетімізді орындайды және сервистік қызмет көрсетеді.
Сіздің осы Сайтқа біздің атымыздан ұсынған кез-келген жеке ақпаратыңыз біздің жүйемізде және/немесе компанияда сенімді сақталады.
Біз, сондай-ақ, осы сайттың және оның ішіндегісінің сізге қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ сіздің сұратуларыңыз бен біздің сіздің алдындағы міндеттерімізді орындау үшін біздің агент ретінде бізбен жұмыс істейтін үшінші жақ біздің Сайтқа және біздің кірушілерге қызмет көрсету мақсатында қолжетімді жеке ақпараттардың қорғалуына өздерінің келісімін беруге кепіл болуына барлық күшімізді саламыз.
Өкінішке орай, Интернет арқылы деректерді жіберу толық қауіпсіздікті қамтамасыз етпейді. Біз сіздің жеке деректеріңізді қорғау үшін барлық мүмкіндіктерді жасап жатқанымызбен, біздің Сайтқа жолдаған деректердің қауіпсіздігіне кепіл бола алмаймыз; кез-келген деректер қауіппен және тәуекелмен беріледі. Біз сіздің ақпаратты алған сәтте сіздің деректерге рұқсат етілмеген кірудің алдын алу үшін біз қауіпсіздікті қамтамасыз етудің қатаң процедуралары мен механизмдерін қолданамыз.
Біз басқа сайттарға сілтеме жасай аламыз. Бұл жағдайда біз біздің принциптерімізді бөлісетін сайттарға ғана сілтеме беруге тырысамыз. Cіз мұндай сайттардың ақпарат жинау әдісін, оның ішінде сәйкестендіргіш сайттарды пайдалану тәсілін түсіну үшін әрқашанда өзімізбен байланыстағы кез-келген сайттың құпиялық саясатын тексеруге міндеттіміз Біз басқа компаниялар басқаратын сайттардың контенті немесе ақпарат жинау саясаты үшін жауап бермейміз. Басқа сайтқа кірген кезде сіздің ол сайтта қолданылатын құпиялық саясатын және басқа ережелерін тексеруіңіз қажет.
Біз өзіміздің тобымыздағы кез-келген еншілес компаниялардағы сіздің жеке ақпаратыңызды аша аламыз. Біз сіздің сұратуыңызды орындау үшін қажет болмаған жағдайда, сіздің тікелей келісіміңізсіз сіздің жеке ақпаратыңызды сатпаймыз немесе басқадай жолмен жолдамаймыз.
Біз кез-келген заңның, қаулының немесе заңды талаптардың сақталуы, тұтынушылар шағымын тексеру немесе заңның бұзылуының ықтималдығы, Сайттың тұтастығын қорғау, сіздің сұратуыңызды орындау немесе кез-келген заңды талқылауларға қатысу мақсатында қажетіне қарай кез-келген ақпаратты пайдалану немесе ашу құқын өз құзіретімізге қалдырамыз.
Біз, сондай-ақ, үшінші жаққа сіздің жеке ақпаратыңызды аша аламыз:
Егер сіз қолжетімділік алғыңыз келсе, біздің қорымызда сақталған өзіңіз туралы ақпаратты жаңартқыңыз, өзгерткіңіз немесе жойғыңыз келсе (заңға қайшы келмейтін кез-келген жағдайда), егер сіз одан әрі бізден хабарлама алудан бас тартсаңыз немесе сізде біздің құпиялық саясатымызға қатысты сұрақтарыңыз туындаса, сіз бізге өтініш жасап, жүзеге асыра аласыз.
Сіздің бізде сақталған өзіңіздің жеке деректеріңіздің көшірмесін сұратуға қақыңыз бар. Біз мұндай деректердің көшірмесін беру үшін қисында төлем белгілеу құқына ие бола аламыз. Сіз, сондай-ақ, өзіңіздің дербес деректеріңізде қателіктер болған жағдайда түзету енгізуге құқылысыз.
Біз қандайда бір уақыт аралығында алдын ала хабарламастан Сайттағы осы құпиялық саясатына өзгерту енгізе аламыз. Егер сіздің жеке ақпаратыңызды пайдалануға қандайда бір өзгертулер енгізген жағдайда, біз сізге электронды почта арқылы хабарлаймыз. Осы құпиялық саясаты соңғы рет 2010 жылдың қараша айында жаңартылды.