Menu
Sail22 Website

Желкен '22

Біздің стратегиямыз

Жаңа Саяхатқа шығамыз

Желкен '22 стратегиясы 2016 ж. наурызында, біздің негізгі бизнесімізді күшейту, белгіленген бағыттарда өсу шарттарын құру және акционерлерімізге үлкен табыс әкелу мақсатында іске қосылды.

Біз таңдаған нарықтарда ерекше Табысты, ерекше Кәсіби және ерекше Тартымды сыра қайнату компаниясы мәртебесіне жету Желкен '22 стратегиясының миссиясы болып табылады.

«Желкен '22 бағдарламасының басталуымен бірге Carlsberg Group өз беталысын таңдаған нарықтарда табысты, кәсіби және тартымды сыра қайнату компаниясы болу мақсатына бағытталып отыр. Өз іртетасымызды нығайту, өсу келешегін іздестіру мен жеңімпаздар пәлсапасын құру жолымен біз экономикамыздың көрсеткіштерін арттыруды және біздің акционерлерімізге тұрақты табыс әкелуді көздейміз»

 - дейді Президент және Бас Директор Кеес т' Харт.

ТАБЫС

Табысты компания ретінде, келесі негізгі үш көрсеткіштің: сыра сатудың көлемі бойынша нарық үлестерінің, көлік шығындарын (Gpal) қоспағандағы жалпы табыс пен операциялық табыстың - оңтайлы теңгерімін сақтай отырып, біз  жалпы және таза табысты арттыру жайлы қам жейміз.

КӘСІБИЛІК

Өз клиенттеріне Кәсіби қызмет көрсету сапасы жағынан бізге тең келер компания жоқ. Бұған біз тұтынушылардың мұқтажына баса назар аударудың, клиенттермен жұмыс істей білудің, тауарлар санаттарын басқара білудің, сонымен қатар логистика саласындағы инновацияларды жүзеге асыру жылдамдығының нәтижелері арқылы қол жеткіземіз.

ТАРТЫМДЫЛЫҚ

Тартымды компания ретінде, біз акционерлер, қызметкерлер мен қоғам үшін жалпы құндылықтарды құруға басты назар аударамыз. Акционерлерді біздің табысымыз бен инвестициялар тиімділігінің тұрақты өсуі қызықтырады. Қызметкерлерді біздегі жайлы жұмыс атмосферасы мен үлкен табыс мәдениетін белсенді түрде алға тартуымыз қызықтырады. Қоғамды жауапкершілік пен экологияны қолдауымыздың жаһандық тосынойларына деген көзқарасымыз қызықтырады.