Menu
KZ brewery.jpg

Экологиялық мониторинг

 

       Carlsberg Kazakhstan, кез келген әлеуметтік жауапты компания сияқты, қазіргі заманның жаһандық экологиялық сын-қатерлерімен, атап айтқанда, көміртегі әлемдік экономикасының заманауи үлгісіне байланысты орасан зор парниктік газдар шығарындылары салдарынан біздің Жер планетасындағы климаттың өзгеруімен күресуге ұмтылады. Бұл үшін компания ұзақ мерзімді перспективада қол жеткізуге ұмтылатын стратегиялық мақсаттарды айқындайтын «4 Нөл: бірге болашаққа» тұрақты даму бағдарламасын ұстанады: Нөлдік көміртегі ізі, Нөлдік су шығыны, Нөлдік жауапсыз тұтыну және Нөлдік жазатайым оқиға.

       Дегенмен, парниктік газдардан басқа, парниктік әсер етпейтін, бірақ қоршаған ортаға әсерін әкелетін басқа да ластаушы заттар бар. Компания ISO14001 халықаралық стандартының сертификаттауы барысында, қоршаған ортаны басқару жүйесі шеңберінде өз өндірістік қызметінде туындайтын экологиялық аспектілерін анықтайды және ластаушы заттардың шығарындыларына экологиялық мониторинг жүргізеді. Компанияның өндірістік экологиялық мониторингінің нәтижелері осы бөлімде «Ақпаратқа қол жеткізу, қоғамның шешімдер қабылдауға қатысуы және қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша сот төрелігіне қолжетімділік туралы» Орхус конвенциясына сәйкес берілген.

 

Экологиялық рұқсат қағазы

Өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері