Menu

170 жастағы компания

10 қарашада әлемдік сыра жасаудың дамуына өлшеусіз үлес қосқан Carlsberg Group компаниясы мен атақты Carlsberg лагері құрылғандығының 170 жылдығын атап өтпек. Дания компаниясы жаңалығының арқасында бүгінде миллиондаған адамдар әлемдегі үздік сыраның дәмін татуда.

Барлығы 170 жыл бұрын басталған. Сол кезде Копенгаген қаласының маңында Якоб Кристиан Якобсен сыра қайнату орнын ашып, оны көне даниялық berg («төбе», «тау») сөзін қосып, ұлы Карлдың атымен атаған. Ал 1847 жылғы 10 қарашада Carlsberg эталондық лагері бар, өз заманының стандарттарын сапасы бойынша біршама асып түскен алғашқы бөшкелер шығарылды.

Сыра қайнату процесін зерттеуге және жетілдіруге шындап кіріскен жаңашыл сыра қайнатушы және меценат Я. К. Якобсен мұны өз өмірінің ісі етті. Ол Carlsberg Қорын және Зертханасының негізін негізін салды, кейіннен қызметкерлері әлемге Saccharomyces сarlsbergensis ашытқысының таза дақылын, ақуыздық құрылымның тұжырымдамасын және қышқылдық шкласын (Рн) ашты. Бүгінгі күнге дейін Carlsberg әлемдегі сірә, үздік сыра қайнату үшін компанияның негізін қалаушының «алтын сөзін» сөзсіз ұстануда.

1847 жылы негізі қаланған компания осы 170 жыл ішінде шағын отбасылық кәсіптен әлемдегі жетекші сыра қайнату компаниясының біріне дейінгі жолдан өтті және Forbes журналының нұсқасы бойынша әлемдегі ең құрметті бизнестегі Global 2000: Top Regarded Companies 2017 рейтингінде алтыншы орынға ие болды. Өзінің брендінің ауқымды портфелінің арқасында біз Жер шарының түрлі нүктесіндегі адамдарға тамаша сәттер сыйлаймыз, өйткені біздің өнім 150-ден астам нарықта ұсынылған. Біздің сыра – бұл бүгінгі және ертеңгі жақсылық үшін сыра дайындайтын, Carlsberg Group 40 000 кәсіби мамандардың күнделікті еңбегінің жемісі, тәжірибесінің, білімі мен шеберлігінің көрінісі.