Қытай провинцияларының бірінде пайда болған Ввирус бірте-бірте әлемнің көп бөлігін қамтыды және оның таралуы бүкіл ғаламшарда қатты күйзеліс тудыруда. Бұл теңдесі жоқ жағдай және барлық адамдар одан зардап шегуде.
Осының алдындағылардың бірде-біріне ұқсамайтын дағдарыс алдында Carlsberg Group компания қызметкерлері мен оның клиенттерін қоса алғанда, ғаламшардың барлық тұрғындарын бірігуге шақырады.
«Біздің ойларымыз қызметкерлерге, клиенттерге және коронавирус өміріне елеулі әсер еткен барлық адамдарға арналған, — деп мәлімдеді Carlsberg Group бас директоры Кеес 'т Харт Копенгагенде 16-наурызда өткен компания қызметкерлерінің жыл сайынғы жалпы жиналысында. — Біз күн сайын және сағат санап оқиғалардың дамуын қадағалаймыз және, әрине, біз қатысатын нарықтардағы әрбір жағдайда аймақ биліктерінің ұсынымдарына құлақ асамыз».
Кеес ‘т Харт, қызметкерлердің денсаулығы мен қауіпсіздігі компания үшін басты басымдылық екенін қоса айтты. Carlsberg Group компаниясының коронавирус тудырған тәуекелдерді азайту тәсілі іссапарлар, кеңестер мен іскерлік кездесулер санын шектеуді, сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауды көздейді.
Өзіңізге, өз әріптестеріңізге, достарыңыз бен отбасыңызға қамқорлық жасауыңызды өтінеміз және дұрыс әрі конструктивті жүріп-тұрыңыз, өйткені дәл осы нәрсе бізге қазіргі сындарлы кезеңді бірге бастан кешіруге көмектеседі!
корпоративтік қатынастар бойынша көшбасшы, ТОО "Carlsberg Kazakhstan" ("Карлсберг Казахстан" ЖШС)