Menu

Carlsberg Group COVID-19-дан кейін экономиканы қалпына келтіру жөніндегі шараларды қабылдай отырып, БҰҰ-ның әлемдік көшбасшыларға климат тәуекелдеріне көңіл бөлу туралы үндеуіне қосылды

Бас директорлардың басшылығымен жүргізілетін климатты қорғау бойынша БҰҰ-мен қолдау көрсетілген ең ірі күш салулардың шеңберінде ірі трансұлттық корпорациялар көміртегінің шығарындысы нөлге тең экономикаға қол жеткізу жөніндегі өздерінің ғылыми негізделген міндеттемелерін растап, үкіметтерді олардың амбициясын қолдауға шақырып жатыр.

Жалпы нарықтық капиталдандыруы 2,4 триллион АҚШ долларынан астам, 5 миллионнан астам қызметкерден тұратын 155 компания, әлемнің үкіметтерін жаңа климатологиялық зерттеулермен бірге экономикалық көмек көрсету және COVID-19-дан кейін қалпына келтіру бойынша күш-жігерді келісуге шақыратын мәлімдемеге қол қойды.

Өтініш «Ғылыми негізделген мақсаттар» (Science Based Targets) бастамасымен, БҰҰ Жаһандық шартымен (UN Global Compact) және Carlsberg қолдайтын We Mean Business коалициясымен бірлесіп шығарылды.

БҰҰ Жаһандық шарты бағдарламаларының жетекшісі және Ғылыми мақсаттар бойынша бастаманың мүшесі Лила Карбасси: «Үкіметтер соңғы қалпына келтіру саясаты мен жоспарларын климаттық зерттеулермен сәйкестікке келтіре отырып, шешуші

рөл атқаруы тиіс, бірақ олар жүйелі әлеуметтік-экономикалық өзгерістерді жалғыз басқара алмайды. Біз ұшырап отырған өзара байланысты дағдарыстарды еңсеру үшін біз тұрақты даму саласындағы мақсаттарды және Париж келісімін орындауды қамтамасыз ету үшін халықаралық қоғамдастық ретінде бірге жұмыс істеуге тиіспіз. Бас директорлардың басшылығымен БҰҰ-мен қолдау көрсетілген климатты қорғау жөніндегі ең ірі бастамалардың шеңберінде, бұл компаниялар болашақ күйзелістер мен апаттардың алдындағы осалдықты төмендетуге бағытталған амбициозды ғылыми негізделген іс-әрекеттер мен насихатты іске асырудағы көшбасшылар болып табылады».

Carlsberg Group президенті Кеес ‘т Харт: «Париж келісімін орындау табанды ұжымдық әрекеттерді талап етеді. Үкімет COVID-19-ға жауап ретінде жоспарлар құрғандықтан, біз климаттық іс-қимылдардың қалпына келтіру бағдарламалары мен жоспарларының бір бөлігі болуын қолдаймыз. Carlsberg біздің «4 Нөл мақсаты: болашақ үшін бірге» Тұрақты даму бағдарламамызда баяндалған ғылыми негізделген мақсаттармен жұмыс істейді және егер біз ынтымақтастықта жұмыс істесек, онда көміртегі шығарындыларының деңгейі төмен әділ әлемге көшуді қамтамасыз ете алатынымызға сенімдімін».

Carlsberg «4 Нөл мақсаты: болашақ үшін бірге» Тобының тұрақты даму бағдарламасына сәйкес сыра қайнату зауыттары мен дайын өнім қызметінен көміртегі ізін азайту процесін қазірден бастап жүргізіп жатыр. 2015 жылдан бастап Carlsberg компаниясы электр энергиясының 56%-ын қалпына келетін көздерден пайдалана отырып және көмірді тұтынуды 89%-ға қысқарта отырып, өнімділікке тұрақты назар аударудың арқасында көміртектің салыстырмалы шығарындыларын 30%-ға қысқартты.

Болашақта, 2030 жылға қарай біз сыра қайнату зауыттарында «НӨЛ көміртегі ізі» мақсатына қол жеткіземіз, бұл 840 мың тоннадан астам CO2 үнемдеуге және жолдардағы автомобильдер санын жылына 160.000-нан астам қысқартуға мүмкіндік береді*. Дайын өнімнен көмірқышқыл газының шығарындыларын азайтудың 30-пайыздық мақсатты көрсеткіші 1,8 млн. тонна CO2 үнемдеуге мүмкіндік береді, бұл жылына 360.000 астам автомобильді пайдаланудан шығарумен тең.

Бұл мақсаттар біздің және қоғамның COVID-19-ға байланысты тап болатын кедергілеріне қарамастан, біздің басымдықтарымыз болып қала береді.