Пандемияға қарамастан, Carlsberg Group сыраның өмірлік циклінің барлық тізбегі бойынша СО2 шығарындыларын азайтуды жалғастыруда, су шығынының тиімділігін арттырып, жауапты тұтыну мәдениетін дамытуда, сондай-ақ «Мақсаты 4НӨЛ: Болашақ үшін бірге» тұрақты даму бағдарламасының мақсаттарына қол жеткізуге ұмтылуда.
Нөл көміртек ізі
2022 жылға қарай соңғы дайын өнімнің экологиялық ізін 15%-ға және 2030 жылға қарай 30%-ға қысқарту мақсатын көздей отырып, Carlsberg сыра жасау тізбегінің барлық кезеңдерінде серіктестермен және жеткізушілермен ынтымақтасуды жалғастыруда.
2021 жылдың қорытындысы бойынша нәтижелер:
- Біздің 2030 жылға қарай сыра қайнату зауыттарының Нөлдік СО2 шығарындыларына қол жеткізу мақсатымыз аясында көмірқышқыл газының шығарындылары 2015 жылдан бастап гектолитр бойынша 40%-ға (2021 жылы 2%-ға) төмендетілді.
- 2019 жылмен салыстырғанда сыраның өмірлік циклі бойынша СО2 жалпы шығарындылары 7%-ға төмендетілді.
- БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі 26-шы конференциясының шешіміне сәйкес өндірістік процестерге көміртекті-бейтарап экономика нормаларын енгізу жөніндегі іс-шараларға қатысу.
- Компания Дүниежүзілік жарнама берушілер ұйымының (WFA) Planet Pledge арнайы құрылымы – Маркетологтардың тұрақты байланыс орнату жөніндегі халықаралық міндеттемесіне қосылды.
- Carlsberg Group CDP халықаралық климаттық рейтингінде А беделді деңгейіне ие болды.
Нөл су шығыны
Carlsberg Group судың аз көлемін пайдалана отырып, сыра қайнатудың жаңа технологиялары мен әдістеріне инвестиция салуда, сондай-ақ тұщы су көздерін сақтау бойынша серіктестермен белсенді жұмыс жүргізуде.
2021 жылдың қорытындысы бойынша нәтижелер:
- 2030 жылға қарай су тұтынуды 50%-ға қысқарту мақсатына қол жеткізу бағытында суды пайдалану мөлшері 2015 жылдан бастап гектолитр бойынша 21%-ға (2021 жылы 4%-ға) қысқартылды.
- Су шығынының тиімділігі 2019 жылдан бастап 7%-ға (2015 жылдан бастап 18%-ға) арттырылды.
- Су басу қаупі жоғары аймақтарда орналасқан сыра қайнату зауыттарында суды пайдалану мөлшерін 2015 жылдан бастап гектолитр бойынша 35%-ға азайтылды.
- Даниядағы Fredericia сыра қайнату зауытында ультразаманауи су рециклингі станциясы іске қосылды.
- Непалда су ресурстарын қорғау, сондай-ақ Үндістан мектептеріне ауыз су мен тазалағыш заттарды жеткізу үшін серіктестік келісімдер жасалды.
- Carlsberg Group су ресурстарын пайдалану туралы ақпаратты ашу бойынша CDP-жобасы рейтингінің А-парағына енгізілді.
Нөл жауапсыз тұтыну
Біз тұтынушыларымызға алкоголь өнімдерін сатып алу кезінде жауапты таңдау жасауға көмектесеміз, брендтердің әрқайсысы бойынша барлық қажетті ақпаратты ұсынып алкогольсіз сусындар өндірісін белсенді дамытудамыз.
2021 жылдың қорытындысы бойынша нәтижелер:
- Алкогольсіз сусындарды сату 2 еседен астам мөлшерге – 2015 жылдан бастап 114% пайызға (2021 жылы 17%-ға) өсті.
- Алкогольді жауапты тұтынудың халықаралық альянсы арқылы электрондық коммерция мен әлеуметтік желілер үшін алкогольді жауапты жылжытудың халықаралық маркетингтік стандарттарының іске қосылуына қолдау көрсету.
- 33,6 миллион адам сыраны жауапты тұтыну науқанына қатысты.
Нөл жазатайым оқиға
Біз тұрақты білім беру іс-шараларының арқасында нөлдік жазатайым оқиғалар мәдениетін құруға қол жеткізетінімізді мақтан тұтамыз.
2021 жылдың қорытындысы бойынша нәтижелер:
- Біздің 32 сыра қайнату зауытымыз өндірістегі жазатайым оқиғаларсыз 1000 күн көрсеткішіне қол жеткізді.
- 2015 жылдан бастап 2020 жылға дейін еңбек ету қабілетінен айырылуға әкеліп соққан жазатайым оқиғалар саны 55%-ға төмендегеннен кейін, біздің бизнеске жаңа сыра қайнату зауыттарының қосылуының арқасында 2021 жылы сыра өнімі өткен жылмен салыстырғанда 44%-ға ұлғайды. Еңбекті қорғау жөніндегі тұрақты іс-шаралар жарақаттануды төмендетуге бағытталады.
- Біздің қызметкерлеріміздің 97% пайызы Carlsberg Group қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтайды.
- Еңбек қауіпсіздігін арттыру мәселелері бойынша біздің қызметкерлерден 371 000 өтініш тіркелді.
- Біздің 11 000-нан астам жүргізушіміз жол қозғалысы қауіпсіздігі мәселелері бойынша онлайн оқу курсынан өтті.
Қоғам мен экономикаға қосатын үлесіміз
Біздің бизнесіміз әртүрлі елдердің экономикасында, жеткізілім тізбегінде және бүкіл әлем қауымдастығында маңызды рөл атқарады. Біз ұжымда достық қарым-қатынасты сақтай отырып, тұтынушыларымызға қамқорлық жасай отырып жеткізушілерімізбен және серіктестерімізбен адал қызмет ету арқылы бизнесті жауапты жүргізу қағидаларын ұстанамыз.
2021 жылдың қорытындысы бойынша нәтижелер:
- 39 000-нан астам адам Carlsberg Group компаниясының тікелей қызметкерлері болып табылады, шамамен 1,09 миллион адам – компанияның мердігерлері мен қосалқы мердігерлері. Біздің нарықтағы құнымыз шамамен 96 миллиард даниялық кронды құрайды.
- Біздің 350 жетекшіміздің 93% пайызы жұмыс орнында мәдени әртүрлілік, инклюзивтілік және ой елегінен өткізілмеген қате түсінік мәселелері бойынша оқу курстарынан өтті.
- Біздің қызметкерлеріміздің 89% пайызы Carlsberg компаниясындағы жұмысына көңілдері толады, 87% пайызы компаниядағы жұмысын мақтан тұтады.
- Компания біздің этика және мінез-құлық кодексіміз, сондай-ақ адам құқықтары саласындағы саясат бойынша курстарды белсенді түрде өткізуде.
Carlsberg Group президенті Кеес т'Харт: «Біздің тұрақты дамуға бейілділігіміз компанияның позициясын осы кезекті қиын жылда да нығайта түскеніне кәміл сенеміз. Біз «4 НӨЛ мақсаты: Болашақ игілігі үшін бірге» бағдарламасы бойынша өз міндеттерімізді іске асыруда тұрақты жетістікке қол жеткіздік және адамдарды жауапты мінез-құлықты ұстануға шақыру мақсатында брендтеріміздің күшін пайдаланамыз. Біздің жаңа SAIL'27 стратегиямыз алдағы жылдары бизнестің өсуін одан әрі ынталандыратын болады және Carlsberg Group-тың бұрынғыдай өршіл болып қалуын қамтамасыз етеді, өйткені біз барлық салада тек жақсы нәтижеге ұмтыламыз және біздің мақсатымыз әрдайым биік».
байланыстар
Байланысу үшін